Жақсылыққа жаны құмар жастар

Қысқаша

Жақсылыққа жаны құмар жастар

21.jpg

Қайырымдылық ізгіліктің  көрінісі болып табылады. Қайырымдылық пен қамқорлық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. 

Сарыағаш ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен «Қамқорлық – қайырымды жастардың қағидасы» тақырыбында ерікті жастар Сарыағаш қаласының тұрғыны жалғызбасты анаға қамқорлық көрсетіп, қысқы отынын дайындап, үй тіршілігіне қолғабыс жасады. 

Жақсылықа жаны құмар, жомарт жастардың ісіне тәнті болған апамыз жастарға алғыс білдіріп батасын берді.

Жалпы, Сарыағаш ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қайырымдылық пен қамқорлыққа толы іс-шаралар тұрақты түрде жалғасын тауып келеді. Жуырда жастар осы жоба аясында Құркелес ауылдық округі, Жаңа арық ауылының тұрғыны Тастанбек қарт атаға қамқорлық көрсетті. 

Шара барысында ерікті жастар Тастанбек атаның ауласын шөп-шалаңнан тазартып, ағаш бұталарын кесіп үй жұмыстарына қолғабыс жасады. Ал Жібек жолы ауылдық округінде ерікті жастар 1 қазан «Халықаралық Қарттар күніне» орай, «Қарттарға қамқорлық - қайырлы іс» тақырыбында Қарабау ауылының тыл ардагері , 90 жастағы қария Омарханов Досжан атаның үйіне барып мерекесімен құттықтап, шаруашылық жұмыстарына көмек көрсетті.

Қайрыымдылық пен ізгілікке бастайтын мұндай шаралар Сарыағашта әлі де жалғасын табады. 


    A+
Уақыты: 2021-10-21  Айдарша: Өңір
TAG: