​Түркістанда Назарбаев зияткерлік мектебі ашылады

Қысқаша

​Түркістанда Назарбаев зияткерлік мектебі ашылады

Түркістан облысында 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның 70-і облыстық бюджет есебінен салынып жатса, 8-і «Ауыл-Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының аясында бой көтерген . Бұдан бөлек, Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға беріледі. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен өңірдің білім беру саласы қызметкерлерінің «Білімді ұлт – тұрақты дамудың кепілі» тақырыбындағы облыстық тамыз педагогикалық кеңесінде айтылды. 

image.png

Облыста 6 апатты және 4 үш ауысымды мектеп бар. Биыл 2 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесі шешіледі. Қалған 4 апатты және үш ауысымды үш ауысымды мектептердің мәселесі 2021-2023 жылдар аралығында толығымен шешімін табатын болады. 

Ағымдағы жылы бағдарлама аясында жалпы 47 мектеп құрылысы жоспарланған. Оның 44-і бюджет есебінен, үшеуі жеке инвестиция есебінен салынады. 1 қыркүйек айына 44 мектептен 17-сі пайдалануға берілсе, қалғандарының құрылыстары жыл соңына дейін аяқталады. Бұдан бөлек, 108 мектепті жаңғырту жоспарланған. 

Бұған қоса, облыста 12 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қарастырылып, оның 5 мектебі тамыз айының соңында аяқталса, қалған 6 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бір мектеп 2022 жылға өтпелі. Мектептегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыста 900 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. 

Сонымен қатар, облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру саласына 2021-2022 оқу жылына орта білімді кадрларды даярлауға 52 мамандық бойынша 6092 орынға мемлекеттік грант берілді. Оның 3432 орны білікті жұмысшы кадрларды, 2460 орны орта буын мамандарын, 200 орны қолданбалы бакалавриат мамандарын даярлауға бағытталған. 

    A+
Уақыты: 2021-08-18  Айдарша: Өңір
TAG: