Қайтарымсыз грантпен өз кәсібін ашты

Қысқаша

Қайтарымсыз грантпен өз кәсібін ашты

20210412090145720.jpg

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Дариха Нұралиева 2020 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында оқу курсынан өтіп, сертификат алған. 

Аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығына мемлекеттік грант алуға өтінім беріп, бизнес жобасын комиссия отырысында қорғап шыққан. 

Бүгінде кәсіпкер 583 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Дәлірегі грантпен массаж салонын ашқан. 

Айта кетері, «Бастау» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша жобаның мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халықты кәсіпкерлікпен айналысуға тарту арқылы ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыру. Кәсіпкерлік негіздерін оқуға ауылдық елдімекендерде, аудан орталықтарында тұратын, жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген/тіркелмеген жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін іс жүргізіп отырған кәсіпкерлер (бизнесінің тіркелгеніне 3 жылдан аспауы керек) қатыса алады.   

«Бизнес бастау» жобасы «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Ал «Еңбек» бағдарламасы жұмыссыздықты азайту және монополист компанияларға бәсекелестік тудырып, нарықтағы бағаларды төмендету мақсатында ұйымдастырылған. «Бизнес Бастау» жобасы нақты жұмыссыздарға және кәсіпкерлікті енді бастаған жандарға арналған. 


    A+
Уақыты: 2021-09-13  Айдарша: Өңір
TAG: