«Мәртөбе» кешенін көруге 70 мыңдай турист келген

Қысқаша

Ерекше кешен Шаһардағы Сайрам тұрғын алабы мен Қарамұрт ауылының аралығында орналасқан. Бұл - ҮІІ-ХІІ ғасырлардағы қалашықтың орны. 20х30м өлшемді цитадель. Биіктігі - 6-7 м, төбесі - тегіс.

Screenshot_15.png

Еліміздің үшінші мегаполисі - шымға көмкерілген, ауа-райы жайлы, экономикасы дамыған, көптеген этнос өкілдері қоныстанған шырайлы аймақ. Содан болар Шымқала ертеден-ақ туристерді өзіне ынтықтырып отырады. Бүгінде қалада туризм саласында айтарлықтай жетістіктер, жаңаша бастамалар көп.  

Қазіргі таңда  Шымкент қаласында 110 туристік нысан бар. Оның жетеуі республикалық маңызы бар «Қазақстанның киелі жерлері» жобасына енген. Осындай тарихи әрі туристік нысанның бірі – Мәртөбе кешені.

Ерекше кешен Шаһардағы Сайрам тұрғын алабы мен Қарамұрт ауылының аралығында орналасқан.  Бұл - ҮІІ-ХІІ ғасырлардағы қалашықтың орны. 20х30м өлшемді цитадель. Биіктігі - 6-7 м, төбесі - тегіс.

Мұнда ХҮІІ ғасырда билік басына келген Есім ханнан бастап, ХҮІІІ ғасырдағы Тәуке хан тұсына дейін алты алаштың баласы бас қосып, билер кеңес құрған. «Есім ханның ескі жолы» және «Жеті жарғы» да осы маңда талқыға түсіп, жарияланған. «Жеті жарғыны» қабылдар сәтте қазақтың атақты би-шешендерінен 12 би, олардың қатарында Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билерден өзге Жайма, Сасық, Көкім билер да қатысқан. Мәртөбенің Ұлы дала парламенті аталуы осыдан.

Мәртөбе кешені бүгінгі таңда танымал туристік аймақтардың бірі болып келеді. Өткен жылдан бері тарихи нысандарды тамашалауға 70 мыңдай турист келген.

 Айта кетейік, өткен жылы Мәртөбе тарихи кешенінде келешек ұрпаққа жолдау жазылған капсула қаланған болатын. 


    A+
Уақыты: 2021-09-12  Айдарша: Өңір
TAG: