Қоқыстың орны саябаққа айналды

Қысқаша

Қараусыз қалған аумақты қоқыс орны қылып алған тұрғындарға, қос қолдап тұрып қолдау білдірген өндіріс ошақтары өздерінен шыққан қалдықтарын осында төгіп келген. Жағымсыз иіспен түтінге тұншыққан тұрғындар, бұл маңайдан түн түгілі күндіз жүрудің өзі қорқын

Screenshot_15.png

Мемлекет басшысы Жолдауда экологияға ерекше тоқталып, қалаларды жасыл желекке бөлеу жағына да тоқталған болатын. Осы бағытта Шымкентте ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әсіресе қала ішіндегі бұрынғы қоқыс алаңы сыртқа көшірілді. Сондай-ақ сай-саладағы күл-қоқыс тасталған жерлер тазаланып, жасыл желектер отырғызылуда. Соның бірі Қаратау ауданына қарасты Алатау көшесіндегі жыра. Ол жерге күл-қоқысы аздай өндіріс қалдығы да тасталатын. Қолқаны қапқан сасық иіс пен түтінге тұншыққан жұрт биліктен бірнеше мәрте көмек сұраған-ды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталмыш мәселеге ерекше ден қойып, халыққа қолайлы ортаны қалыптастыруды бірден қолдаған болатын.

Осыдан 6 ай бұрын қоқыс орны болған бұл жерде, бүгін көгал егіліп жатыр. Екі бірдей спорт алаңшасы мен тренажер, балалардың ойын элементтері орнатылған жаңа саябақтың бой түзеп жатқанына тұрғындар әлі де сене алар емес.

Қараусыз қалған аумақты қоқыс орны қылып алған тұрғындарға, қос қолдап тұрып қолдау білдірген өндіріс ошақтары өздерінен шыққан қалдықтарын осында төгіп келген. Жағымсыз иіспен түтінге тұншыққан тұрғындар, бұл маңайдан түн түгілі күндіз жүрудің өзі қорқынышты еді, деп еске алады. 4 гектар аумақ бүгінде адам танымастай өзгерген.

Бүгінде саябақ құрылысының 90 пайызы ақталыпты. Автотұрақ пен көгал егу жұмыстарына қызу кіріскен жұмысшылар, бірер күнде мұндағы тірлікті  толығымен тәмәмдаймыз, деп отыр. Дегенмен, мердігер мекеме өкілі 3 жыл бойында кепілдік мерзіміміз бар, дейді. Саябақтың ашылу салтанатын асыға күтіп жүрген жергілікті тұрғындар, саялы мекендегі кешкілік серуенді бастапта кетіпті.  


    A+
Уақыты: 2021-09-09  Айдарша: Өңір
TAG: