Қалада көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүруде

Қысқаша

Қалада көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүруде

Screenshot_12.jpg

Кез-келген қаланың көрікті болып тұрғаны баршаға жайлы. Қала жасыл-желекке бөленіп тұрса көңілді көтереді. Әсіресе ыстық күндерде тұрғындар ағаш көлеңкесінен сая табады. Жасыл-желекке бөленген қала туристерді де өзіне магнитше тартып, бойға қуат, жанға шуақ сыйлайды. 

Осы орайда Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының көшелерін көріктендіру, көгалдандыру және күтіп ұстау жұмыстары кестеге сай атқарылуда. Ауданға қарасты 72 басты көше бойларындағы жасыл-желектерді суғару, күтіп ұстау, санитарлық қырқу, ағаш түптерін әктеу, оларды ретке келтіру, шөп ору жұмыстары мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС-і тарапынан күнделікті жүргізілуде.

Ал, көпқабатты үйлерде 400 аула мен 332 ішкі орамдық көшелердегі ағаштарды санитарлық қырқу және оларды арнайы техника көмегімен шығару, шөп ору жұмыстарына «Назар» ЖШС-і жауапты. Бүгінде мердігер мекеме  аулаларда 1 354 дана ағашты санитарлық қырқу, 1 2438 дана ағаш түбін әктеу жұмыстарын жүргізген.

Шымкентті жасыл қалаға айналдыру мақсатында ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары ауа-райына сәйкес қараша айында жалғасатын болады.