Діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды

Қысқаша

Діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды

Screenshot_11.jpg

Шымкент қаласындағы  «Аламан» спорт кешенінде діни конфессия қызметкерлері арасында спартакиада басталды. Спорттық іс-шараны Шымкент қаласы дін істері басқармасы мен «Сарын» қоғамдық қайырымдылық қоры Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 18  қазан — Рухани келісім күніне орай ұйымдастырған. Спартакиаданың ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

- Адам өмірінде жан саулығы қаншалықты маңызды болса, тән саулығы да соншалық маңызға ие. Сіздер руханият саласында қызмет етіп жүргендіктен мұны жақсы түсінесіздер деп ойлаймын. Ал, денсаулықты күшейтуде бұқаралық спорттың алар орны айрықша. Бүгінгі спартакиада арқылы Шымкент қаласындағы түрлі діни конфессия өкілдері арасындағы келісім мен өзара құрмет бекемделе түседі деп сенеміз. Бұл өз кезегінде елдегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың нығая түсуіне ықпал етеді, - деді Шыңғыс Жұмабекұлы. 

Айта кетейік, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарыс футбол, үстел теннисі және шахмат бойынша  өтеді. Оған қаладағы исламдық, православтық және протестанттық бағыттағы діни бірлестіктерден 10 команда қатысуда.