Шымкентте мәдени іс-шара, концерттер жиі өтеді

Қысқаша

Шымкентте мәдени іс-шара, концерттер жиі өтеді

Screenshot_8.jpg

Шымкент мегаполис атанғалы қалада көптеген игі іс-шаралар жиі ұйымдастырылуда. Өткен жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы болған еді. Содан бері Шымкентке ағылушы туристер саны артқан. Қазіргі таңда қалада мәдени іс-шаралар жиі болып тұрады.

Жақында Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай және «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында  Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жанынан құрылған ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің «TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі «FOLK & SYMPHONY» концертін ұсынады. 

«TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі 2008 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қабырғасында құрылған. «Тұран» – қазақ халқының көнеден келе жатқан төл музыкалық өнерін қазіргі заман ұрпағының талғам-таным таразысымен қайта жаңғыртуды мақсат тұтқан ұлттық этно-фольклорлық топ. Топ – ұлттық көне аспаптардың үнін қайта тірілтуді, жаңа үндестік пен әдіс-тәсілдерді тауып қолданысқа енгізуді көздейді. 

Бағдарламада қазақ композиторлары мен ансамбльдің авторлық шығармалары орындалады. Қала тұрғындары аталған ансамбль концертін жақын арада тамашалай алады.