«Қоқыс біздікі емес, қала біздікі»

Қысқаша

«Қоқыс біздікі емес, қала біздікі»

Screenshot_6.jpg

Үшінші мегаполисте "Біргеміз: Таза әлем" жалпы ұлттық жобасы аясында сенбілігі өтіп жатыр. Тазалық акциясын "Қоқыс біздікі емес, бірақ, қала – біздікі" ұранымен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруда 

Бұл жолы оқу орындарының студенттері қатысқан акцияның мақсаты – жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, табиғатқа деген мәдениеттілігін қалыптастыру.

– "Экосана" қозғалысын былтыр дәл өздеріңіз сияқты жастар бастаған болатын. 2020 оқу онлайн өткен соң сенбіліктерге жастар көп қатыса алмады. Ал биыл жастар мол жұмылдырылуда. Басты мақсатымыз - табиғатқа деген құрметіміз болсын. Бәріңізге сәттілік тілеймін! – деді Жастар орталығының директоры Ерлан Айтбаев.

Бұдан кейін Әл Фараби ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев сәттілік тілеп, жастар санитарлық талаптарды сақтай отырып іске кірісті. Бұл жолғы сенбілікке 22 команда өтінім беріп, 220 жас қатысуда.

Айта кетейік, өткен жылы ұйымдастырылған сенбіліктер нәтижесінде жалпы көлемі 30 тоннадан астам қоқыс шығарылған болатын.