Шымкентте дүниежүзілік туризм күні аталып өтуде

Қысқаша

Шымкентте дүниежүзілік туризм күні аталып өтуде

Screenshot_5.jpg

Шымшаһардағы ескі қалашық тарихи кешенінде «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» форум-көрмесі бастау алды. 27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күніне орай қалалық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен және Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен ауқымды іс-шара өтті.  

Екі күнге созылатын форумның бірінші бөлімі «Қазақ ауылынан» басталды. Жиында сөз алған қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мегаполистің туристік әлеуеті мен оның перспективалық дамуына тоқтала келе, «Цитадель»  қалашығы болашақта туристер мен қала тұрғындарының қызықты орындарының біріне айналатынын айтты. 

– Шымкент – туристік әлеуеті жоғары, 2200 жылдық тарихы бар, еліміздегі өзінің тарихи өзегін сақтап қалған бірегей қала. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жолдауында атап өткендей, әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орнын ашып отырған туризм саласы кез келген өңір үшін перспективалық табыс көздерінің бірі болып саналады. «Шымкент 2200: туристік креативті қала бейнесі» іс-шарасы туристік индустрияны дамытудың бәсекеге қабілетті және табысты жобаларын анықтауға және өзара табысты ынтымақтастық орнатуға таптырмас алаң болады деп сенемін», - деді Мақсұт Пернебайұлы. 

 «Қазақ ауылына» келушілер Қазақстанның және шет елдің туристік сала өкілдері, қаланың қолөнершілері мен суретшілерінің туындыларымен танысып, жергілікті ас үй тағамдарынан дәм татып, театрландырылған қойылымдарды тамашалады.