Мұрат Әйтенов кәсіпкерлер палатасының съезіне қатысты

Қысқаша

Мұрат Әйтенов кәсіпкерлер палатасының съезіне қатысты

Screenshot_4.jpg

Шымкент қаласында халық саны артқан сайын кәсіпкерлік саласы дамып келеді. Сәйкесінше сұраныс көп болған сайын оларға ұсынылатын ұсыным да көп болады. Кәсіпкерлік дамыған жерде бәсекелестік орын алып, нәтижесінде нарықта тек мықтылар ғана қалады. Мықты кәсіпкерлер мемлекет қазынасына салық төлеп, талай адамды жұмыспен қамтиды. Сондықтан да кәсіпкерлерге қолдау көрсеткен аса маңызды. Мемлекет басшысы да кәсіпкерлерге себепсізден-себепсіз соқтыға бермеу керектігін талай ескертті. Президент талабы Шымкентте жоғары деңгейде орындалуда.

Бүгін «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сегізінші съезі өтті. Онлайн-форумға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен 384 делегат қатысты.

Делегаттар қатарында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, орынбасарлары мен жетекші сала басшылары да болды.

Жиынның күн тәртібіне сәйкес ауыл шаруашылығы саласын қаржыландырудың өзекті мәселелері, шағын және орта бизнесті тексеруге мораторийді жою жайы айтылды.

Сонымен қатар, ЕАЭО елдері мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қатынастар, құрылыс материалдары құнының өсуіне байланысты жұмысы тоқтатылған әлеуметтік маңызды объектілер құрылысы мәселелеріне де назар аударылды.