Қазығұртта мемлекеттік бағдарламаның жемісін көріп жатқандар көп

Қысқаша

Қазығұртта мемлекеттік бағдарламаның жемісін көріп жатқандар көп

Screenshot_9.jpg

Бүгін Қазығұрт ауданында қоғамдық кеңестің жоспарына сәйкес, сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша жол картасының 65, 66, 67, 68 тармақтары («Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша, аудандағы шаруа қожалықтарымен, ұйымдарымен меморандум жасау арқылы жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, «Жас кәсіпкер» жастар бизнес-бастамаларының бағдарламаларын іске асыру, жастар жұмыссыздығы) бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебі тыңдалды.

Жол картасының 65, 68 тармағына сәйкес, Қазығұрт ауданы бойынша «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 13 ауыл округінде 88 әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасылар тартылып, оларға 88 кураторлар бекітілген. Демеушілер есебінен 88 отбасыға 2021 жылдың 8 айында 17670,5 мың теңгеге көмек көрсетілді. «Қамқорлық» бағдарламасының мақсаты демеушілер есебінен аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек көрсетіп, оларды қиын өмірлік жағдайдан шығару болып табылады.

Жол картасының 66 тармағына сәйкес, әр ауылдық округте материалдық көмек корсету пункттерін ұйымдастыру арқылы өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету тапсырылуына байланысты ауыл округі әкімінің аппараттары жергілікті демеушілермен (ірі кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары т.б.) келіссөздер жүргізіп, ауылдық округтердің орталықтарында орналасқан бір сауда орнын материалдық көмек көрсету пункті ретінде белгілеу, аталған материалдық көмек көрсету пунктіне өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдардың өтініштерін ауыл округі әкімінің аппараты қарап, тізім бойынша жіберу ұсынылған.

Бүгінгі таңға Қызылқия ауыл округінде «Аян» дүкенінде, Қазығүрт ауыл округінде «Биік» дүкенінде, Жаңабазар ауыл округінде «Ташқұл ата» дүкенінде, С.Рақымов ауыл округінде «Өмірбай» сауда орталығында материалдық көмек көрсету пункттері ұйымдастырылды.

Жол картасының 67 тармағына сәйкес, таулы әлеуметтік көмек алушылардың еңбекке жарамды мүшелерін бейімдеу шараларына тарту жұмыстары 72,8 % көрсеткішке ие. Оның ішінде түрақты жұмысқа - 855, қоғамдық жұмысқа - 64, әлеуметтік жұмыс орындарына - 19, жастар практикасына 5 - адам жұмысқа жолданды.