Бүгін Қазығұртта аудандық мәслихат депутаттары Аманжол Аширбаев және Айкүл Ақынғазиева қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматтар проблемаларын айтты. Сарапхана ауылының тұрғыны К.Абдурасимова онлайн өтініш қалдырған, екі ұлдың анасы, жас отбасы, пәтер жалдап тұрады, ұлының денсаулығы жанына батуда. Мемлекет тарапынан берілген мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арбасының сынып қалуына байланысты, арба алып берілуін сұранды.
Қабылдауда болған Қазығұрт ауылының тұрғыны Т.Боранбаева жалғыз басты ана, денсаулығы бойынша шағымдануда. Дәрі-дәрмек алуға қаражаты жоқ,пәтер жалдап тұрады,емделуге қаржысы жоқ. Тегін ем-дом көрсетілуін өтініп келген.
Р.Муталханова қызының денсаулығына алаңдайды. Жүрегінде ахауы бар, дәрі-дәрмектері қымбат. Мүмкіндігі шектеулігі қызының, мемлекеттен берілетін көмектің мерзімін ұзартуға көмек берілуін өтінді.
З.Ногаева көп балалы ана жолдасының денсаулығына байланысты жолдама берілуіне ықпал етілуін сұранды.
Нәтижесінде: Т.Боранбаеваның өтініші бойынша тегін ем көрсетуге Айгүл Күзенбайқызы көмек көрсететінін айтып өтті. Сонымен қатар, З.Ногаеваның өтініші бойынша жолдама алуға ықпал етілетіндігі шешілді.
Айта кету керек, Р.Муталханованың өтініші бойынша Айгүл Күзенбайқызы 6 ай алдын көмек берген болатын,бұл жолы қызының мүмкіндігінің шектеулгіне байланысты берілетін жәрдемақының мерзімі аяқталуына байланысты, құжаттарын реттеп қайта комиссияға жіберуге көмек көрсетуге ықпал ететіндігін айтты.