Қазығұртта депутаттар қоғамдық қабылдау өткізді

Қысқаша

Қазығұртта депутаттар қоғамдық қабылдау өткізді

Screenshot_7.jpg

Халық ішінен сайланған депутаттар елге адал қызмет ету керек. Себебі олар халық пен билік арасындағы алтын көпір. Депуттар халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізіп, оның оң шешілуіне ықпал етеді. Бүгінде барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Сол үшін депутаттар жүйелі түрде қоғамдық қабылдауларды өткізуде. Бүгін жұмыс жоспарға сәйкес, аудандық мәслихат депутаттары Аманжол Аширбаев және Айкүл Ақынғазиева аудан тұрғындарының өтініштеріне құлақ түрді.

Қабылдауға жазылған азаматтардың бірі әлеуметтік көмек көрсетілуін өтінсе, бірі баласын мектеп-интернаттарға орналастыру бойынша, сонымен қатар тегін дәрі-дәрмек сұрап келген тұрғындар да бар.

Атап айтар болсақ, онлайн өтініш қалдырған жалғыз басты аналар К.Сейтова, Н.Тасполатова пәтер жалдап тұрады, балаларын бағу керек, таңнан кешке дейін жұмыста, балалары қараусыз қалмасын деп, мектеп-интернатқа орналастыру үшін көмек сұрап жүгінді.

Нәтижесінде: Айгүл Күзенбайқызы К.Сейтова, Н.Тасполатованың өтініштері бойынша көмек көрсетті. К.Сейтованың балалары Сарапхана ауыл округінде орналасқан Ы.Алтынсарин мектебінің жанындағы интернаты бар мектепке орналастырылды. 

Н.Тасполатованың балаларының құжаттары рәсімделуде.

Осылайша депуттар халықтың мәселелері оң шешімін табуға зор септігін тигізуде.