Қазығұрттық жас пікірсайысшы республикалық байқауда топ жарды

Қысқаша

Қазығұрттық жас пікірсайысшы республикалық байқауда топ жарды

Screenshot_6.jpg

Жастардың білімді де білікті болуы ел келешегі үшін өте маңызды. Білімді жастар елдің іргесін көтеріп, қабырғасын берік етіп қалайды. Сондықтан да жастарға сапалы білім беріп, білім жарыстарына қатысып бағын сынауға мүмкіндік беру керек. "Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын" демекші, әрбір жас өз елінің қамқорлығын сезінгені абзал.

Осы орайда жақында Киелі Қазығұрт ауданының белсенді жасы, республикалық пікірсайыс турнирінде жүлделі ІІ-орынды жеңіп алды.

Жігерген ауылы округі,  "Диқан" ЖОББМ КММ-нің 2020 жылғы түлегі, С.Торайғыров университетінің екінші курс студенті, талантты пікірсайысшы, талай дүбірлі додаларда топ жарған, Қазығұрт ауданының намысын көптеген пікірсайыс турнирлерінде абыроймен қорғаған, болашағынан үлкен үміт күттіріп отырған, Ералы Нұрхан Нұрболұлының, бүгінгі күнгі, Республикалық пікірсайыс турнирінде топ жарып, ҚР-ның Білім және ғылым министрі, Асхат Қанатұлының қолынан екінші орын алды. Республикалық турнирде жеңімпаз атанған Ералы Нұрхан Нұрболұлын жерлестері осы бір жеңісімен шын жүректен құттықтайды.

Қазығұрт жастарының алар асулары, бағындырар белестері көп болсын!