Қазығұрттың қазыналы қарттарына құрмет көрсетілді

Қысқаша

Қазығұрттың қазыналы қарттарына құрмет көрсетілді

Screenshot_5.jpg

Қарты мен жасының арасында шығармашылық, рухани байланыс орнағанда береке орнайды. Көпті көрген қариясын тыңдап, оны құрметтеген жас өскін саналы болады. Болашаққа сабырлы қалыппен қарап, туған жеріне, ондағы ағайынға бауырмал болады. Себебі қария жастарға теріс жол нұсқамасы анық. Қартынан бата алған жас көгереді, ілгері жылжиды. Сондықтан да жастар мен қариялар арасындағы рухани ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырған, оны дамытқан аса маңызды. Қартты сыйлау - өткенді сыйлау болып саналады. Өткенін сыйлаған ұрпақ келешекке үмітпен қарай алады.

Осы орайда Қазығұрт ауданында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында бірінші қазан «1-қазан қарттар күніне» орай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен    аға буын өкілдері арасында шахмат және бильярдтан аудан біріншілігі өтті. Сайысқа 60-қа жуық ардагерлер қатысып өз бақтарын сынады.

Бабы келісіп, бағын сынауға келгендердің көпшілігі 63 пен 75 жас аралығында. Бүгінгі жарыстың ашылу салтанатына Аудандық мәслихат хатшысы Өрісбай Көпеев сөз сөйлеп, ардагерлерді мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларына амандық тіледі.