Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыра отырып, оның жарқын болашағының кірпішін қалауға болады. Себебі жастайынан спортқа қызығып өскен бала шымыр болады. Олар анау-мынау ауруға сыр бермей, елге қызмет етеді. Жұмыс өнімділігі жоғары болады. Және ең бастысы спортшы жастар теріс жолға түспейді. Алкогольді өнімдер, шылым, есірткі секілді лас заттардан бойын аулақ ұстайды. Мұндай жастар қылмыс жасамайды. Сондықтан да жастардың спортқа қызығып өскені өзі үшін де, мемлекет болашағы үшін де өте маңызды. Жастарға спортты насихаттап, салауатты өмір салтын ұстануға жиі шақыру керек.
Осы орайда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қазығұрт аудандық оқушылар сарайы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 12-14 жасар оқушылар арасында кіші футболдан аудандық турнир өтті. Турнирге 13 ауыл округінен жалпы 14 команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша:
І орынды - Қызылқия ауыл округінің "Ынталы" жалпы орта білім беретін мектебі
ІІ орынды - Сарапхана ауыл округінің М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
ІІІ орынды - Қызылқия ауыл округінің Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі оқушылары иеленді.
Турнир жеңімпаздары арнайы кубок және медальдармен марапатталды.