Әрбір азамат бір-біріне көмектессе, әлеуеттік адам тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмектессе нұр үстіне нұр. Адамдар бір-біріне бауырмалдық таныту арқылы көптеген проблеманы болдырмайды.
Осы орайда Қазығұрт ауданы Сарапхана ауылының тұрғыны К.Абдурасимова аудандық мәслихат депутаттары Аманжол Орманұлы мен Айгүл Күзенбайқызының қоғамдық қабылдауына, онлайн өтініш қалдырған. Екі ұлдың анасы, жас отбасы, пәтер жалдап тұрады, ұлының денсаулығы жанына батуда. Мемлекет тарапынан берілген мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арбасының сынып қалуына байланысты, арба алып берілуін өтінген болатын, нәтижесінде аудандық мәслихат депутаттары Аманжол Орманұлы және Айгүл Күзенбайқызы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аталған отбасының жағдайымен танысып, Аманжол Орманұлы өз қаражаты есебінен, К.Абдурасимованың мүмкіндігі шектеулі ұлына жас ерекшелігіне байланысты арналған мүгедектік арбаны табыстады. Сонымен қатар, Аманжол Орманұлы жас отбасыға қолдау көрсету мақсатында тұрақты жұмыс пен тегін пәтерге тұру мүмкіндігі ұсынылды. Айгүл Күзенбайқызы жергілікті дәрігерлерді шақыртып, үнемі бақылауда ұстап, барлық ем-шараларды көрсетуді тапсырды.
Айта кету керек, ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ерекше көңіл бөлінуде.