Бәйдібектіктер қазыналы қартына құрмет көрсетті

Қысқаша

Бәйдібектіктер қазыналы қартына құрмет көрсетті

Screenshot_6.jpg

Қарты мен жасының арасында шығармашылық, рухани байланыс орнағанда береке орнайды. Көпті көрген қариясын тыңдап, оны құрметтеген жас өскін саналы болады. Болашаққа сабырлы қалыппен қарап, туған жеріне, ондағы ағайынға бауырмал болады. Себебі қария жастарға теріс жол нұсқамасы анық. Қартынан бата алған жас көгереді, ілгері жылжиды. Сондықтан да жастар мен қариялар арасындағы рухани ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырған, оны дамытқан аса маңызды.

Осы орайда Бәйдібек аудандық ОКЖ-не қарасты Шақпақ ауылдық  кітапханасында "Тілім менің -тұғырым" тақырыбында жыр кеші ұйымдастырылып өткізілді. 

97 жастағы ардагер ұстаз, кітапxанамыздың үздік оқырманы Нысаналиев Наби атамыз латын тіліне көшуді қолдайтынын және ана тілі - xалық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, тіліміз мәңгі өшпейтін, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегіміз деді. 

Ардагерлер кеңесінің төрағасы, зейнеткер ұстаз Қонысбеков Бейбіт атамыз өскелең ұрпаққа тілді насиxаттау барысында тіл байлығы, тіл тазалығы - ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі екендігін айта келе, бір шумақ өлеңде оқыды.

Бұл кештен көпшілік зор әсер алды.