Жастар - қоғам негізі. Жарқын болашақ кепілі. Жастары саналы ел - болашағы зор ел. Бүгінгі жастар ертең мінберге шығып, ел тағдырын шешеді. Дұрыс шешім, ізгі ниет - болашаққа жол ашады. Ал қате шешім - ел тамырына балта шабады. Сондықтан да жастардың білімді, білікті, ізгі ниетті, саналы болып өскені аса маңызды. Олардың бойына рухани нәр сіңіріп, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру өте өзекті. Осы орайда жастармен жиі кездесу ұйымдастырып, оларды бір сәт назардан тыс қалдырмау керек. Өзін мемлекетке керек екенін түсініп өскен жас өскін өсе келе мемлекетке адал қызмет етері сөзсіз.
Жақында осы мақсатта Бәйдібек аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Алмалы ауылдық округі «Тау шыңы» демалыс аймағында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауыл жастарымен «Ауылдағы бір күнім» іс-шарасы болып өтті.
Іс-шарада қыздарға және ұл балаларға арналған тапсырмалар аясында қатысушыларымыз бақ сынасты. Бұл іс-шараның тәрбиелік, өнегелік мән-мағынасы өте зор болды. Іс-шара барысында жастарды туған жерді сүюге шақырып, бір-біріне бауырмал болу керектігіне баса мән берілді.