Кәсіпкер болсаңыз мемлекеттік қолдаудан құр қалмаңыз

Қысқаша

Кәсіпкер болсаңыз мемлекеттік қолдаудан құр қалмаңыз

Screenshot_4.jpg

Үш жыл бұрын қолға алынған «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы елімізде күнделікті қолданатын тауарлар мен қызметтерге арналумен ерекшеленген болатын. Экономист мамандардың сараптауы бойынша нәтиже жаман емес. Тиімді жағы көп. Содан да болар Мемлекет басшысы бұл бағдарламаны жалғастыруды тапсырды.

Бағдарламаны дамыту - халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастыру үшін бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру, күрделі технологияларды қолдануды талап етпейтін өнімдерді кең көлемде шығаруға мүмкіндік береді.

Ең бастысы бұл бағдарлама туристік қызмет көрсететін кәсіпкерлерге де үлкен мүмкіндік беріп отыр. Саладағы кәсібін енді азаматтар жеңілдетілген несие алу арқылы дамыта алады.

Несиенің талаптары да жеңіл. Несие алушы үшін соңғы мөлшерлеме жылына 6%-ға, субсидиялау мөлшері - 9%-ға дейін деп белгіленген. Субсидиялау мерзімі - 10 жыл. Бағдарламаға шағын, орта және ірі бизнес өкілдері қатыса алады.

Кәсіпкер ұсынған жобаның қаржылық-экономикалық тиімділі оң бағаланған жағдайда «Даму» Қорының уәкілетті органы, кәсіпкер және банк арасында субсидия ұсыну бойынша үш жақты келісімшарт түзіледі.

Толық ақпарат алу үшін шымкенттік кәсіпкерлер «Shymkent invest» бизнеске арналған Үкімет фронт-офисіне хабарласа алады. Тел: 39-11-77; «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы: 87011021717, 87021091717