Облысын орталығына ең жақын орналасқан кентау қаласында атқарылып жатқан жұмыс көп. Солардың бірі Жылу жнерго орталықта жүзеге асып жатыр. Яғни, Кентау қаласын жылумен қамтитын жылу энергоорталық жаңғытудан өтіп жатыр.
Кеңес заманында салынған жылу электр орталығы осы уақытқа дейін ескі жабдықтармен жұмыс істеп келген. Енді ішкі басқару тетіктері заманауи электронды жүйеге көшіріледі.
Қазір жылу электр орталығының қазандықтарды басқару жүйесі жаңғыртылып жатыр. Бұрын бұл орталықтағы жұмыстың барлығы қолмен басқарылатын. Енді ескі құрылдардың орнын жаңа сенсорлық экрандар алмастырды. Мамандардың пікірінше, компьютерлік жүйе жұмысты жеңілдетіп, қазандықтардан шыққан ахауды бірден табуға көмектеседі.
- Барлық процесс компьютерде сақталады. Қай уақытта болса компьютерден көре беруге болады. Дәл көрсетеді, анау сияқты градус, температура, давлениясын, минус, плюсы жоқ. Нақты ақпарат береді. Сол себептен осы қондырғыларды биылғы жылы орнатып жатырмыз – дейді, жылу электр орталығы директорының орынбасары Әшірхан Төлеу.
«Алайда жылу электр орталығының ғимараты әбден ескіргендіктен нысанды толықтай күрделі жөндеуден өткізіп, қазандықтарды ауыстыру және көмірден газға көшіру тиімсіз. Одан да жаңасын салған әлде қайда пайдалы», - дейді мамандар.