«Жетісай» мен «Шардара» газ өлшеу станцияларының құрылысы аяқталды

Қысқаша

«Жетісай» мен «Шардара» газ өлшеу станцияларының құрылысы аяқталды



Түркістан облысындағы «Жетісай» мен «Шардара» газ өлшеу станцияларының құрылысы аяқталды. Бірегей кешен заманауи құрылғылармен жабдықталып, жоғары дәлдік пен сапаны анықтауға мүмкіндік береді. Яғни Өзбекстан аумағынан ел ішіне өтетін магистральді газ құбырларын «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның арқасында бақылау күшейді. Алғашқы заманауи газ өлшеу станциясы пилоттық режимде іске қосылды. Мұнда жоғары дәлдікпен есептеудің жаңа моделі орналастырылған. Енді мамандар алып кешенді онлайн бақылып, газ сапасын саралаудың жоғары мүмкіндігін алды.

image.png

- ЗИГ деген фирма германский бұл енді қазір дүние жүзіндегі №1 өлшеу құралы болып есептеледі. Мұндағы өлшеу принципі ультрадыбыстық әдіс. Осы счетчиктің ішінде төрт лазерный луч өтіп жатқан потокты өлшеп, газдың өтім көлемін нақты есептеп шығарып береді. Бұл счетчиктің погрешності 1 проценттен аспайды – дейді «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» МГҚБ директорының бірінші орынбасары Абай Байқұлов.

Енді мамандар сұйық отынды сүзгіден өткізіп, халықаралық стандарттың шеңберінде қабылдайды. Қысымы қатты газдың құрамындағы өзгерістер мен кемшіліктерді онлайн бақылап, цифрлы технологияның көмегімен тексереді. Шалғай аймақтан салынған станцияға жол, жарық, су мен кәріз жүйесі де тартылды.

    A+
Уақыты: 2021-09-27  Айдарша: Өңір
TAG: