Түркістан күн өткен сайын көркейіп келеді

Қысқаша

Түркістан күн өткен сайын көркейіп келеді



Бүгінде Түркістан қаласы күн өткен сайын көріктеніп келеді. Әрбір көшеде тұрғындар мен туристердің қызығушылығын арттырады сәулетті нысандар бой көтеріп жатыр. Сондай-ақ, жол жөндеу, көгіалдандыру, абаттандыру жұмыстары да жалғасып келеді. Қала әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы ең алдымен әкімдіктің тұрғындармен байланысын нығайтуға баса назар аударып отыр.

image.png

Қазіргі таңда қала аумағы 6 секторға бөлініп, әр секторға жетекшілер тағайындалған. Осылайша Түркістандықтар өз өтініштері мен ұсыныстарын, талап-тілектерін тұрғылықты мекен-жайы бойынша тапсырып, оның жедел қаралуына мүмкіндік алды.

Күнделікті сектор меңгерушілері жұмыс күнінің соңында қала әкімінің жиналысына қатысып, өзекті мәселелерді сол жерде сала жетекшілерінің қатысуымен талқылап, шешу жолдарын қарастырады.

Секторлар бойынша үш айда 315 өтініш түсіп, оның 268-ы қанағаттандырылды. Қалған өтініштер заң аясында зерделенуде.

Қала басшысының бастамасымен, кәсіпкерлердің қолдауымен қазіргі таңда 144 топырақ көшелердің мәселесі шешімін тапты: Баянауыл елді-мекеніндегі 11,8 шақырымды құрайтын 16 көшеге, Тұран мөлтек ауданындағы 31,1 шақырымды құрайтын 57 көшеге, Бірлік мөлтек ауданындағы 9,7 шақырымды құрайтын 15 көшеге тас (жалпы 88 көше) төселді. Сонымен қатар, Бекзат мөлтек ауданындағы 34 шақырымды құрайтын 31 көшеге және Шавгар мөлтек ауданындағы 29 шақырымды құрайтын 25 көшеге (жалпы 56 көше) тас төселуде.

    A+
Уақыты: 2021-09-25  Айдарша: Өңір
TAG: