Түркістан қаласы тағы бір демалыс орнымен толықты

Қысқаша

Түркістан қаласы тағы бір демалыс орнымен толықты



Түркістан қаласы аумағында демалыс орнының қатары тағы бір саябақпен толықты.

image.png

Жаңа саябақтың жалпы көлемі – 27, 85 гектарға созылған. Жерінің аумағы – 70 160,0 м2 болса, жасыл желекті аймағы – 20 476, 0 м2, гүлді бөлігі – 5459,0 м2 құрайды.

Саябақта үш бағанды қақпадан бастап, 5 субұрқақ, 1 колизей, 8 колизей субұрқағы, 2 балалар ойын алаңшасы бар. Сонымен бірге, «work-out» жаттығу алаңы мен «компас» алаңы және 1 амфитеатр, вело-жүгіру жолы қамтылған. 

Одан бөлек демалыс аумағында 480 орындық пен 912 дана жарықшам, 106 дана безендірулі жарықшам орналастырылған.

Жалпы Түркістан облысының құрылғанына 3 жылдан асты. Жұртшылық, әсіресе, Түркістан қаласын абаттандыру және жасыл қалаға айналдыру бағытындағы жұмыстарға дән риза. Облыс орталығы әлеуметтік-экономикалық және архитектуралық орталыққа ғана емес, жасыл желегі жайқалған, экологиясы жақсарған шаһарға айналып келеді. Көгалдандыру жұмыстары тоқтаусыз жалғасып жатыр. Түркістанда жергілікті климатқа тез бейімделетін көшеттер мен көпжылдық шөптер, гүлдер гүлдейтін шөптерді өсіруге мән берілген. Атап айтқанда, шаһарда көлеңке беретін әрі тез өсетін қарағай мен акация ағаштары, үлкенжапырақты шегіршін, үйеңкі отырғызылды.

    A+
Уақыты: 2021-09-24  Айдарша: Өңір
TAG: