«NurOtan»-ның фронт офисі ашылды

Қысқаша

«NurOtan» партиясының ел алдындағы беделі асқақ. Халық тарапынан түскен өтініштерді саралау,аяқ асты қалдырмау басты міндет. Бұл билік пен халық арасындағы өзара іс-қимыл тетігін жетілдіре түседі. Сенімді нығайта түседі.

Screenshot_7.png

«NUR OTAN» партиясы Шымкент қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінде фронт-кеңсе ашылды. Енді қала тұрғындарының өтініші онлайн түрінде де қарала береді. Халықпен жұмыс жасаудың тиімді тұсы да осы. 

Фронт офистің онлайн түрде қызмет көрсетуі - заман талабына сай жұмыс жүргізудің бір бөлігі.  Ағымдағы  жылдың 8 айы бойынша 90 - ға жуық ұсыныстар берілген.  60 - тан астам рейдтік іс-шара ұйымдастырылған. Жол құрылысының сапасы, білім ошақтарының ыстық су, ғимарат ішіндегі әжетханамен қамтылуы назардан түскен жоқ. Партияның сайлауалды бағдарласы бойынша бекітілген Жол картасына сәйкес 9 айлық атқарылған іс-шараларды қала әкімі баян етті.

"Өткен жылы 40 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оның 62 пайызы орындалды. Қалғанын сайлау алды бағдарламаға қостық. Нәтижесінде 700 ұсыныс келіп түскен. Оны 10 басым бағытқа бөлдік",- дейді «NUR OTAN» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов.

«NurOtan» партиясының ел алдындағы беделі асқақ. Халық тарапынан түскен өтініштерді саралау,аяқ асты қалдырмау басты міндет. Бұл билік пен халық арасындағы өзара іс-қимыл тетігін жетілдіре түседі. Сенімді нығайта түседі.

"Келіп түскен өтініштердің көбі, 77 пайызы әлеуметтік салаға байланысты. Жәрдемақы алу, мемлекеттен көмек алу мәселесі.., алимент мәселесі", - дейді«NUR OTAN» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева.

Бүгінде партияның өзіндік дәстүрі, қолжеткен табысы мен тәжірибесі, қатары қалың жақтастары бар. Сондықтан қала тұрғындарының алдында берген уәде толық орындалуы керек. Жиынның негізгі түйіні осы.


    A+
Уақыты: 2021-10-01  Айдарша: Өңір
TAG: