Түркістан облысында 900 мыңға тарта тұрғын вакцина салдырды

Қысқаша

Түркістан облысында 900 мыңға тарта тұрғын вакцина салдырды



Түркістан облысында 891 мың 966 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырған. Облыста коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін 722 мың 809 адам салдырды.

image.png

Тарқатып айтар болсақ, Түркістан облысының 42мың 401 тұрғыны коронавирус инфеекциясына қарсы отандық QazVac вакцинасын салдырған. Бүгінде өңір тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, Қытайдың CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдай алады.

Соңғы тәулікте Түркістан облысында 30 адамның COVID-19 індетін жұқтырған жағдайы анықталды. Өңірде тәуліктік өсім 0,21 пайызды құрайды. Облыста 1 миллион 33 мың 302 ПТР-сынамасы алынған.

Түркістан облысындағы зертханаларда соңғы тәулікте 421 адам тексерілді. Облыс бойынша жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1969 төсек орын бар. Бүгінде олардың 1569 төсек орны бос тұр. Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 14 мың 160 жағдай тіркелді. Олардың 7 мың 328-інде ауру симптомсыз өткен болатын.

Covid-19 коронавирустық инфекциясының пандемиялық таралуын тоқтатудың ең тиімді тәсілі – жаппай вакцина салу арқылы халықтың жасанды иммунитетін қалыптастыру. Адамзат тарихында мұндай тәжірибе асқан қатерлі аурулар кезінде қолданылған. Демек, Covid-19 дертін түбегейлі жоюдың жалғыз жолы – жаппай вакцинациялау.

Вакцинациялау вакцинаның келіп түсуіне байланысты кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Коронавирустық инфекцияны жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары халықтың осал топтары коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға жатады.

    A+
Уақыты: 2021-09-28  Айдарша: Өңір
TAG: