Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 1325 көше жарықтандырылды

Қысқаша

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 1325 көше жарықтандырылды



Түркістан облысының Сарыағаш ауданында Құркелес ауылдық округіне қарасты 15 елді мекен бар. Оның ішінде 10 елді мекенде жалпы 1325 көшеде жарық шамдары орнатылған. Ауылдық округке қарасты 5 елді мекенде, атап айтқанда Жаңаарық, Жаңаталап, Нұрлы жол, Ақ үй және Береке елді мекендерінен өтетін республикалық маңызы бар А-15 авто жолының бойындағы көше жарық шамдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

image.png

Сонымен қатар, Береке елді мекенінен өтетін республикалық маңызы бар А-15 авто жолының бойындағы көше жарықтандыруына қойылған трансформатордың күші жетпеуіне байланысты, күрделі жөндеуден өткізілді. Алдағы уақытта ауылдық округке қарасты басқа да елді мекендеріндегі көше жарық шамдарына кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Биылғы жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақжар ауылдық округі, Ақжар елді мекенінде 8 көшенің 13,3 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Былтыр аудан бойынша «Ауыл-Ел бесігі»

бағдарламасы аясында Ақжар, Дарбаза, Жібек жолы және Дербісек ауылдық округтерінде жалпы 17 көшенің 27,8 шақырымы орташа жөндеуден өтті. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен бөлінген қаржыға Сарыағаш қаласы Телемұнара және Көктөбе шағын ауданындағы 13 көшенің 14,2 шақырымы екі жылда жөнделді. 2021 жылға аудан бойынша 9 көшенің 10 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарына және 20 көшенің 43,7 шақырымына тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, жыл соңына дейін жергілікті бюджет есебінен аудан бойынша қосымша 16 көшенің 19,1 шақырымынаорташа жөндеу және 7 көшенің 6,2 шақырымына тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

    A+
Уақыты: 2021-09-27  Айдарша: Өңір
TAG: