Түркістандық он отбасы солтүстікке үлес қосуға ниетті

Қысқаша

Түркістандық он отбасы солтүстікке үлес қосуға ниетті



Түркістан облысының Арыс қаласында «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы мен Халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесіп Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында солтүстік өңірлерге қоныс аудару мәселесі бойынша «Ашық есік» күнін өткізді.

image.png

«Ашық есік» күнінде қала тұрғындарына Павлодар өңірінен арнайы делегацияны бастап келген Шарбақты аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Г.Смаилханова және Галкина ауылдық округінің әкімі Д.Нурсеитов насихат жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, солтүстік өңірлерге көшкен азаматтар мен отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен бос орындар жайы сөз етілді. Насихат жұмыстарының нәтижесінде Арыс қаласынан 10 отбасы көшуге ниет білдіріп отырғандықтарын жеткізді.

Жалпы жыл басынан бері солтүстік өңірлерге Түркістан облысынан 1792 мүшесі бар 400-ден астам отбасы қоныс аударған. Соның 205-і Павлодар облысына көшіп барған.

Жалпы «Еңбек» бағдарламасымен Түркістан облысынан солтүстік өңірлерге 2015-2021 жылдар аралығында барлығы 2533 отбасы (9617 адам) қоныс аударған. Ал биыл жыл басынан бері облыстан 400-ден астам көшіп барған.

– Бағдарламаның шарапатын көргендердің 50 пайызы еңбекке қабілетті жандар, 1 пайызы зейнеткерлер, 49 пайызы балалар. Аймаққа қоныс аударғандардың басым көпшілігі ауыл шаруашылығымен айналысқысы келеді. Мүмкіндігіне қарай жұмыс мәселесін, үй алу қажеттілігін ретімен шешу жолға қойылған. Келісімге сай көшіп келген отбасы мүшелері 5 жыл ауылда тұрақтап қалуы шарт, әйтпесе берілген қаражат мемлекет қазынасына қайтарылуы тиіс, – дейді Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Меруерт Есембаева.

    A+
Уақыты: 2021-09-16  Айдарша: Өңір
TAG: