Мәслихат депутаттары білім беру жүйесін жақсартуды қолдайды

Қысқаша

Мәслихат депутаттары білім беру жүйесін жақсартуды қолдайды



Бүгін өткен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық мәслихатындағы фракциясының мәжілісінің күн тәртібіндегі екінші мәселе – «Инклюзивті білім алуға жағдай жасау, мұқтаж балаларды қамту деңгейін 100%-ға жеткізу» мәселесі туралы Түркістан облысының адами әлеуметті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықованың баяндамасы тыңдалды. Садықованың айтуынша, соңғы үш жыл көлемінде облысымызда ерекше білім беруді қажет ететін балалардың арнайы білім беру ұйымдарының желісі 9-ға артқан. Бүгінгі таңда Түркістан облысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға 35 арнайы білім беру ұйымдары қызмет көрсетіп жатыр. Бала санына байланысты алдағы уақытта 7 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесін ашу жоспарда бар.

image.png

– Облыста инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептердің үлесі артуда. Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептердің үлесі 75,3%-ды (669 мектеп) құрап, қамтылған балалар саны 5114-ке жетті. 3201 бала денсаулығына байланысты үйде білім алып жүр. 2095 педагог инклюзивті білім беру бойынша біліктілігін арттырды, – деген Ардақ Садықова инклюзияны қолдау кабинеттерін жабдықтау, санын арттыру, жұмысын жандандыруға қолдау қажет екеніне де тоқталды. Депутаттық фракция бұл ұсыныс бойынша тиісті қолдау көрсететіндерін жеткізді.

Фрацкия отырысы қорытындысы бойынша қаулы қабылданды. Жиында түйіндеген Б.Тәжібаев «Олыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы мен аудандық, қалалық экономика бөлімдері жол картасы есептерін бірлесе дайындауы тиіс. Жоспарланған іс-шаралардың сапалы әрі уақтылы жүзеге асырылуын қадағалау үшін жұмысшы топ құрылады. Фракция құрамындағы әрбір депутат Жол картасындағы жұмыстардың қаржыландырылуын, жүзеге асырылуын үздіксіз қадағалап, ел аманатының орындалуы жолында жұмысты жалғастыруы керек», – дей келе әріптестерін жұмысты жауапкершілікпен атқаруға шақырды.

    A+
Уақыты: 2021-09-16  Айдарша: Өңір
TAG: