Түркістан қаласында 4056 абонент сапалы электр жүйесімен қамтылатын болады. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігі хабарлады.
Мамандардың айтуынша, бүгінде Түркістан қаласын электр қуатымен қамту бүгінде 99,9 пайызды құрайды.
Шаһар аумағындағы Сауран, Иассы, Шавгар мөлтек аудандарымен қатар, жаңадан қоныстанған аумақтарды заманауи талапқа сай электр қуатымен қамту бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда, 3 нысанның құрылысы жүйелі жүзеге асырылуда.
Иассы, Шавгар мөлтек ауданы және ХҚТУ тұрғын үй массиві, Жангелдин көшесінің аумағы және Байбұрт, С.Қожанов көшелерінде 10-0,4 кВ кабель желілері тартылуда.
Одан бөлек, «Энергосервис ЭТЛ» ЖШС арқылы жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, тағы екі жобаның аяқталуы күтілуде. Түркістан қаласы аумағындағы 196,7 шақырымды құрайтын ескі электр желілерін жаңарту құрылысы мен Бірлік тұрғын үй массиві аумағында 78,0 шақырымдық желілерінің құрылысын жүзеге асыру арқылы 4056 абонентті сапалы электр қуатымен қамту жоспарланған.
Жалпы облыс орталығы мәртебесін алғалы Түркістанның инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударылуда. Қаладағы «көгілдір отын», ауыз су мәселесі де жуық араджа толығымен шешімін табады.