Түркістан: өтініштер 6 сектор бойынша тапсырылады

Қысқаша

Түркістан: өтініштер 6 сектор бойынша тапсырылады

28.jpg

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы тұрғындармен байланысын нығайтуға баса назар аударып келеді. Қазіргі таңда қала аумағы 6 секторға бөлініп, әр секторға жетекшілер тағайындалған. Осылайша Түркістандықтар өз өтініштері мен ұсыныстарын, талап-тілектерін тұрғылықты мекен-жайы бойынша тапсырып, оның жедел қаралуына мүмкіндік алды. Бұл туралы Түркістан қалалық әкімдігі хабарлады.  

Күнделікті сектор меңгерушілері жұмыс күнінің соңында қала әкімінің жиналысына қатысып, өзекті мәселелерді сол жерде сала жетекшілерінің қатысуымен талқылап, шешу жолдарын қарастырады. 

Секторлар бойынша үш айда 315 өтініш түсіп, оның 268-ы қанағаттандырылды. Қалған өтініштер заң аясында зерделенуде. 

Қала басшысының бастамасымен, кәсіпкерлердің қолдауымен қазіргі таңда 144 топырақ көшелердің мәселесі шешімін тапты: Баянауыл елді-мекеніндегі 11,8 шақырымды құрайтын 16 көшеге, Тұран мөлтек ауданындағы 31,1 шақырымды құрайтын 57 көшеге, Бірлік мөлтек ауданындағы 9,7 шақырымды құрайтын 15 көшеге тас (жалпы 88 көше) төселді. Сонымен қатар, Бекзат мөлтек ауданындағы 34 шақырымды құрайтын 31 көшеге және Шавгар мөлтек ауданындағы 29 шақырымды құрайтын 25 көшеге (жалпы 56 көше) тас төселуде. 


    A+
Уақыты: 2021-09-17  Айдарша: Өңір
TAG: