Тіршілік құбылыстарының барлығы да ғажайып зат – судың қатысуымен жүреді. Ал жер үсті суларының бітелуі мен сарқылуын болдырмау үшін кез-келген қалдықтар мен қоқыс төгуге болмайтынын ұмытпайық.
Тұрмыстық қалдықтар – қоршаған ортаны ластаушы негізгі көздердің бірі. Қоқысты беталды тастау - еліміздің экологиясына үлкен зиянын тигізетін құбылыс. Жылдар бойы полигондарға жинақталған тұрмыстық қалдықтар қоршаған ортаға үлкен зардап әкеледі.