Алматыда құқық қорғау органдарының қызметкерлерін атып өлтірген қылмыскер өмірінің соңына дейін сотталуы мүмкін. Сот шешімін орындау барысында 5 адам қайтыс болды. Оның ішінде 2 учаскелік полиция инспекторы мен сот орындаушысы бар. Қайғылы оқиға бүгін шамамен 17.00 -де екі адамның меншік құқығына қатысты дауы бойынша сот шешімін орындау кезінде болды.
Күдікті сот шешімімен танысқан соң үйден мылтық алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға оқ жаудырған. Күдікті арнайы жасақ сарбаздарының қатысуымен қару қолданылмай ұсталды, өйткені үйде әйелдер мен балалар болды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыс жасағаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Оқиға болған жерді полиция қоршауға алды.