Рухани жаңғыру – мәдени сананың кемелденуі

Қысқаша

Рухани жаңғыру – мәдени сананың кемелденуі


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын еліміздің  бәсекеге қабідеттілік индексін санмен емес, санамен жоғарылату керектігін нығырлай түсті. Бұл тұрғыда атқарылған шаруалар көп. Соның барлығын әлеуметтік желі арқылы көпшілік аудиторияға түсіндіру мен насихаттау – ауқымды іс. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану бағытында Түркістан облысында  айтарлықтай  жұмыстар атқарылуда. Әлемдік пандемияға байланысты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы шаралардың басым көпшілігінің өткізілу форматы өзгергенмен,   мән-мағынасы жоғалмады. 

Бағдарлама аясындағы игі істер облыстық Рухани жаңғыру жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқанын айта кетелік. Нақтылайтын болсақ, өткен жылы  бағдарлама аясында облыста 1300-ден аса  іс-шара өткізіліп,  100 мыңнан аса адам қамтылды. Іс-шаралардың басым бөлігі онлайн, яғни челлендж, байқау, кездесу, дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылды. Ал «Туған жер» жобасы аясында облыста 3 млрд 468 млн 420 000 теңгені  құрайтын 102 нысан салынып, 12 нысан қайта жөндеуден өтті.  «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы аясында ұйымдастырылған  «Түркілер төрі Түркістан» атты халықаралық онлайн конференция көпшіліктің есінде мән-маңызының ерекшелігімен, танымының молдығымен есінде қалды. Шараға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қазақстанның алты өңірінен атақты ғалымдар, танымал ақын-жазушылар мен белгілі тарихшылар, журналистер мен мәдениет саласының мамандары, Сенат пен Мәжілістің, облыстық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімдері жалпы 300-дей адам қатысты. Осы игі шарада сакралды жерлерді жан-жақты зерттеп жазып, тарихтың тереңіне үңілген қазақ әдебиетіндегі классик жазушысы Мархабат Байғұттың «Түркілер төрі Түркістан» атты кітабының онлайн таныстырылымы өтті. Ал «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық және Абай Құнанбайұлының                175 жылдық мерейтойларына орай Түркістан қаласында ескерткіштері орнатылды және онлайн байқаулар, челлендждер өткізіліп, жалпыхалықтық сипатқа ие болды. Облыстық Рухани жаңғыру кеңсесі Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын тойлау мақсатында "Ұлы даланың ұлы тұлғасы - әл-Фараби» онлайн эссе байқауын, «Ұлы дала тұлғалары» атты көрме ұйымдастырды. Араб тілінен аударылған «Әл-Фараби мұралары» атты  8 томды кітабы жарық көрді.  Сонымен қатар, Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына орай Отырар ауданында музей ашылып, облыс орталығына ескерткіші қойылды. Шәмші Қалдаяқовтың еңбектерін ұлықтау, насихаттау және ұрпаққа өнеге ету мақсатында Рухани жаңғыру кеңесі «Ән аға» онлайн байқауын, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай облыстық «Абай - әлем көзімен», «Абай оқулары» онлайн байқауларын өткізді. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында облыстағы 390 кітапханада 3858 көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, оқырмандар саны 230 382 адамды құрады. Сондай-ақ, 121 526 дана жаңа кітаптармен толықтырылып, кітап қоры 5 млн 858 мың  данадан асты. Жобаға сәйкес «Ең көп оқылатын 100 кітап», «Алтын қорға үлес қос», «Кітапханаға сый» акциялары ұйымдастырылып, 18 090 дана кітап кітапханалардың қорына сыйға берілді. 

Өңірімізде 1700 тарих және мәдениет үшін айрықша маңызы зор археология және сәулет ескерткіштер бар. Былтыр ұлттық  дәстүрлерді,  ұлттық мұраны дәріптеу және туристерді тарту мақсатында Әзірет-Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі аумағынан этноауыл құрылды. «Оңтүстікфильм» мекемесі 187 деректі фильм мен бейнематериал дайындап, 129 кинокөрсетілім ұйымдастырып,   25 826 қаралым жинады. Сондай-ақ осы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында «Түркістан құпиялары» сюжетті-деректі фильмінің тұсауы кесілді. Тарихы тереңнен тамыр тартқан Түркістанның ашылмай жатқан құпиялары мен қалыптасу кезеңдерінен сыр шертетін туынды кең көлемде насихатталды. Жалпы мәдениет пен өнерді дамыту мақсатында онлайн және офлайн форматта 90-ға жуық іс-шара, 25 семинар-кеңес пен  шеберлік-сағаттар, онлайн сұхбаттар өткізіліп, 4 мыңға жуық көрермен мен 100 мыңға жуық қаралым жинады.                                           

Еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты мұражайлардың келушілерге жабық екенін ескеріп, мұражайларды онлайн түрде қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында биыл шілдеден бастап «Онлайн саяхат» жобасы бастау алды. Аталған жобада өңіріміздің мұражайларында экскурсоводтың түсіндіруімен әлеуметтік желіде тікелей түсірілім жасайды және түсірілімнің толық нұсқасы Жастар ресурстық орталығының парақшасында сақталады. Түсірілім әр аптаның жұма күні жүзеге асырылады. «Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі» арнайы жобасы бойынша  облыстағы 24 музейде  2370 экскурсия, 375 көрме, 213 көпшілік іс-шара ұйымдастырылды. Бес мыңдай дана жаңа экспонат жинақталып, жалпы қор 175 128 данаға жетті. Іс-шаралардың басым бөлігі онлайн форматта өтті. Жоба аясында «Менің туған жерім» атты облыстық жас суретшілер онлайн көрме-байқауы ұйымдастырылып, 17-29 жас аралығындағы суретшілер бақ сынасты. Байқауға әр аудан, қалалардан 24 суретші қатысты. Ал «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы шеңберінде ұлттық рухты, патриотизмді, тәлім-тәрбиені дәріптейтін және рухани құндылықтарды күшейту мақсатында баннер эскиздері жасалып, облыс аумағындағы орталық алаңдарға, халық көп шоғырланатын орындарға жалпы              100 билборд конструкцияларына орналастырылды. Әлеуметтік желілерде қазақтың ұлттық салт дәстүрлері мен ұлттық киімдерінің тарихы туралы арнайы мақалалар дайындалып, посттар жарияланды. Өсиет пен өнегеге толы, тәлім мен тәрбиеге дәріптейтін «Текті сөздің төресі» атты термешілердің облыстық онлайн байқауы және «Менің туған жерім» жас суретшілер онлайн көрме-байқауы  ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Ұлттық мұра жаршысы» деректі фильмінің тұсауы кесілді. Деректі фильмде ұлттық өнерді насихаттаушы – жыршы, күйші, домбыра ұстасы, ер ұстасы, бүркіт, тазы баптаушы, ағаш ұстасы және басқа да кейіпкерлер туралы барлық мағлұматтар баяндалған. Облыстық Рухани жаңғыру кеңсесі өткізген «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында «Батаменен ел көгерер» онлайн байқауы да көпшілік көңілінен шықты. «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды жаңғыртуды  қажет ететін елді мекендердің тізбесін анықтап, тиісті қаржыларды бөлу арқылы олардың әл-ауқатын жақсарту көзделген. Бұл орайда облыс көлемінде даму әлеуеті бар 614 ауылдың тізімі анықталды, бұл ауылдар ауыл халқының 85,1%-дан астамын қамтиды.  Облыстық Рухани жаңғыру жобалық кеңсесінің жетекшісі Айдар Сейдазымның айтуынша, биыл жоба аясында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жұмыстарын жүргізуді қажет ететін 28 ауылдық елді мекенде 118 жобаны іске асыруға 5 275,1 млн теңге бағытталған. 

Маңызы мол жобалардың бірі – «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында өткен 55 іс-шара 5460 адамды қамтыған. Ұлттық шығармашылықты қолдау мақсатында ұлттық өнерді насихаттап, олардың дәстүрлі әндерге деген қызығушылығын ояту мақсатында «Бабалар үні – домбыра» онлайн ән кеші өткізіліп, халық әндері мен күйлері орындалды. Өсиет пен өнегеге толы, тәлім мен тәрбиеге дәріптейтін «Текті сөздің төресі» атты термешілердің облыстық онлайн байқауы қорытындысына сәйкес 8 термеші марапатталды. Ал «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» жобасы аясында өткен 38 іс-шарада 10 190 адам, «Үнем-қоғам қуаты» жобасы аясындаға 17 іс-шараға 345 адам қамтылды. Жастарды кәсіпке баулу, кәсіпкерлікке шақыру, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларды жастар арасында насихаттау мен алға жетелеу мақсатында «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруындағы жас кәсіпкерлермен тікелей эфирде онлайн сұхбаттар да оң нәтиже беруде. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында және жастар арасында экологиялық мәдениетті арттыру үшін «Жастар таза Түркістан үшін!» плоггинг  ұйымдастырылды және «Таза әлем» жобасы аясында қоғамдық орындарға тазалық жұмыстары жүргізілді. Осы мақсаттағы жұмыстар облыстағы 16 аудан, қалада тұрақты түрде экодесанттар, сенбіліктер, челленджтер өткізілді. Жалпы Түркістан облысыда «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының жобалары аясында жол картасына сәйкес жұмыстар жалғасын табатын болады.

Айта кетелік, Рухани жаңғыру бөлімінің «инстаграм» әлеуметтік желісіндегі парақшасына 3427 оқырман тіркеліп, күнделікті белсенділік танытуда. «Ой салған кітап», «Ой түбінде жатқан сөз», «Мен үшін рухани жаңғыру», «Абай оқулары» жобалары осы парақшада жүргізілуде. Осы күнге дейін парақшада Рухани жаңғыру бағдарламасын, бағдарлама аясындағы 17 арнайы жоба мен 6 бағытты насихаттайтын 333 ақпарат жарияланыпты. Парақша жұмыс істегелі бері ақпараттарға 453 позитивті пікір жазылса, тек «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасы аясында салынған жолдарға қатысты посттарға 2 негатив пікір жазылған. Ал «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшаға 6200-ден астам оқырман тіркелген. Одан бөлек облыстың 16 аудан, қалаларында «Инстаграм» және «Фейсбук» әлеуметтік парақшалары ресми түрде ашылып, жүргізіліп келеді. Ол парақшаларда әр аудан, қала Рухани жаңғыру бағдарламасын насихаттайтын ақпараттар мен қатар облыс парақшасында жарияланған ақпараттарды бөлісіп отырады.