Түркістан облысының кәсіпкерлері егіншілікпен белсенді түрде айналысады және мемлекет тарапынан берілген барлық мүмкіндіктерді пайдаланады. Мәселен, шаруалар үшін «ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС-да көктемгі егіс жұмыстарын ғана емес, күзгі дала жұмыстарын да қаржыландыру қарастырылған. Биыл осы бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 318 млн. теңгеге 4 жоба қаржыландырылды.
Осындай шаруа қожалықтарының бірі «Бердібай» ШҚ, ол күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін атап айтқанда, бидай өсіру үшін, жеңілдетілген қаражат алды. Шаруа қожалығында ауыл шаруашылығының тұтас кластері жүйеленген. Сондай-ақ, кәсіпкер асылтұқымды жылқы, ірі қара мен қой өсірумен айналысады. Бүгінгі таңда шаруашылықта 378 бас түрлі асылтұқымды жылқы, 306 бас ақбас ірі қара және 4 360 бас Гиссар қойы бар.
Ал егіншілікпен шаруашылық мал шаруашылығы кешенін азықпен қамтамасыз ету үшін айналысады. Жем-шөпті арзандату үшін «Бердібай» ШҚ 5 256,62 га жер учаскесінде арпа, мақсары және бидай өсіреді. «Бердібай» ШҚ құрылтайшысы Ғабиден Қапалбаевтың айтуынша, биылғы жылы құрғақшылықтың салдарынан бидай мен арпаның өнімділігі өте төмен болып шықты. Сондықтан барлық өнім өзінің мал шаруашылығы кешенін жем-шөппен қамтамасыз етуге бағытталған (10 000 дана пресс жоңышқа, 7 000 дана пресс түрлі шөптер, 20 000 дана пресс сабан, 1000 тонна бидай және 300 тонна пресс арпа).
Өткен жылы 400 тонна бидай, 390 тонна арпа, 500 тонна мақсары жиналған. Сондықтан, биыл шаруа қожалығының басшылығы өтініш білдіріп, қыркүйек айында бидай өсіру бойынша күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 150 млн. теңге көлемінде қаржылай қолдау алды. Қазіргі уақытта Түркістан облысының Бәйдібек ауданында орналасқан шаруашылықта 5 000 га астам алқапта күздік бидай егуге жер дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, «ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС арқылы Бәйдібек ауданында биыл жалпы сомасы 738 млн.теңгеге 10 жоба қаржыландырылды