Бүгін мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында Түркістандағы «Оқушылар» сарайында өткен салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов ұстаздарды марапаттады. Ол «Жылдың үздік мұғалімі» номенациясын 10 педагогқа, ел Үкіметінің «Еңбек ардагері» медалін 1 мұғалімге, сонымен қатар Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин» төсбелгісін 7 ұстазға табыстады.
Түркістан облысының ең үздік ұстаздар қауымы мен ардагер-ұстаздарға арнайы құрмет көрсетіліп, оларға облыс әкімінің марапаттары мен сыйлықтары тапсырылған мерекелік жиында өңірдің білім беру саласындағы жетістіктер де айтылды.
Білім саласындағы үлкен жетістіктің бірі – Түркістан облысында республикада бірінші болып, сыбайлас-жемқорлықты түпкілікті жою үшін педагогтар мен қызметкерлерді, мекеме басшыларын жұмысқа қабылдау jumis.smartnation.kz, ал, балабақшаға кезекке тұру, жолдама беру balabaqsha.smartnation.kz және мектепке қабылдау mektep.smartnation.kz порталдары арқылы 100 пайыз автоматтандырылып, халыққа ашықтық қамтамасыз етілді.
Түркістан облысы бойынша 2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде 11 сыныпты 28 мыңға жуық оқушы бітірді. 2 мыңдай түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 1369 түлек ерекше үлгідегі Үздік аттестат иегері атанды. 2020-2021 оқу жылында оқушыларымыз халықаралық, республикалық білім сайыстарынан жеңіспен оралуда. «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры Елбасының бірінші лектегі қола медальмен 81, екінші лектегі қола медальмен 188 оқушы марапатталды.
Мерекелік шараға облысымыздан 120 ұстаз қатысты. Оның 23 -і ардагер ұстаздар, ал 40 педагог марапат иелері болды. Салтанатты шара соңында «Жігіттер» квартеті ұстаздар мерекесін «Ұстазым» әнімен құттықтап, шара мерекелік концертке ұласты.