Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында халық денсаулығын жақсартуға баса мән берді. Бұл бағытта Президент ел Үкіметіне бұқаралық спортты дамытуды және оның халыққа қолжетімді болуын тапсырған болатын. Жолдау жүктеген міндет Түркістан облысының Созақ ауданында жүзеге асып жатыр.
Созақ ауданына қарасты Қыземшек кентінде «Street Workout» және балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Созақ аудан әкімдігі және «Қазатомөнеркәсі меморандум нәтижесінде «Street Workout» және балалар ойын алаңын орнатуға қолдау көрсетілді. Бұл спортты ынталандыру жөніндегі бастаманы «Қазатомөнеркәсіп ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы қолдап, демеушілік жасады. Ашылу салтанатына Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов пен «Қазатомөнеркәсіп ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы, «Kazatomprom - SaUran» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Ғылымбек Орынбек арнайы қатысып, жаңа спорттық алаңшасының лентасын салтанатты түрде қиды.
Созақ ауданы әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы әлеуметтік жобаларды қолдау аясында біршама игі істер атқарылып келеді. Аудан аумағында бірнеше ауыл округтерінде «Street Workout» және балалар ойын алаңы салынды. Спорттық нысандар ауыл тұрғындары жиналып, уақытын тиімді өткізетін тамаша орынға айналды. Кәсіпорын басшылығы игі істің жалғасын табатынын айтты.
Айта кетейік, Созақ ауданының Қыземшек кентінде ашылған «Street Workout» және балалар ойын алаңы 427 шаршы метрді құрайды. Онда түрлі жаттығуға арналған спорттық құрал-жабдықтар және балалар ойнайтын ойыншықтар бар.