Түркістан облысында мақта түсімін 40-60 центнерге жеткізу жоспарлануда

Қысқаша

Түркістан облысында мақта түсімін 40-60 центнерге жеткізу жоспарлануда



Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтарал және Жетісай аудандарына жасаған жұмыс сапарында ағын суды арттыру мақсатында қолға алынған су арналарын механикалық тазалау жұмыстарын танысты. Облыстық бюджет есебінен Жетісай ауданындағы барлық 241 шақырымды құрайтын 121 қашыртқыға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде суармалы жерлердің ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсартып, жер асты суын төмендетіп, егістіктің тұздануының алдын алып, мақта дақылының өнімділігін арттырады.

image.png

Сонымен қатар, шаруаларды сапалы тыңайтқыштар, тұқыммен қамтамасыз етіп, өнімділікті арттыру мақсатында Өзбекстан Республикасының «RASAYANA» ЖШС-мен жұмыстар жүргізілуде. Аталған компания ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өнімділігі жоғары «AMINOSID» тыңайтқыштары мен мақтаның «Сұлтан» элиталық тұқымдарын жеткізумен айналысады. Бұл тәжірибе мақтаның түсімділігін 40-60 центнерге жеткізуге болатындығын көрсетіп отыр.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Мақтаарал, Жетісай аудандарында агроқұрылымдардың қатысуымен жоғарыда аталған тыңайтқыштар мен және мақта тұқымының тиімділігі жөнінде семинар өткізіліп, мақта өнімділігін арттырудың нақты шаралары қабылданды.

Түркістан облысында күзгі жиын-терім науқаны жүріп жатыр. Қазіргі таңда, 1,1 млн. тонна көкөніс, 1,7 млн. тонна бақша, 290 мың тонна картоп және 61 мың тонна жеміс-жидек жиналды. Жыл соңына дейін 3,5 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналады. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 842,4 мың гектарға егілді.

    A+
Уақыты: 2021-09-18  Айдарша: Өңір
TAG: