«Ұстаз аты- биік, әрі мәңгілік»

Қысқаша

«Ұстаз аты- биік, әрі мәңгілік»

Screenshot_7.jpg

«Ұстаз – ұлы есім». Өйткені кез-келген ұлттың болашағы - ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі - ұстаздардың қолында. Сондықтан да ұстаздарға білімді де тәрбиелі, саналы ұрпақ  өсіру, өз Отанын сүйетін жас ұрпақ тәрбиелеу сияқты зор міндеттер жүктеліп отыр.

Бүгін ұстаздар қауымының кәсіби мерекесі қарсаңында Түлкібас ауданында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен салтанатты шара ұйымдастырылды.

Аудандық мәдениет үйінде өткен мерекелік шарада шырқалған әсем әндердің барлығы ұстаздар қауымына арналды. 

Шараның ашылу салтанатында алғы сөз алған аудан әкімі Нұрлан Байғұт, мұғалім мамандығының қай кезде де аса қажетті де маңызды екендігін жеткізді. 

- «Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаев білім сапасының жоғарылығы, түптеп келгенде ұлт пен мемлекеттің бәсекеге қабілетті болуының кепілі екендігін үнемі айтып, осы салаға ұдайы көңіл бөліп келеді. Көп нәрсе мұғалімнің білімі мен тәжірибесіне байланысты. Білімді, рухани жағынан бай ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздардың еңбегі зор. Әсіресе, қазіргідей жаңартылған білім мазмұны, озық технологиялар енгізіліп жатқан заманда оларға үлкен жауапкершілік жүктеледі»-деп, жиналған қауымды төл мерекелерімен құттықтады.

Бүгінгі күні ауданымызда  60 білім ошақтарында 3038 ұстаз қызмет етуде.  

Ұстаздардың білім деңгейін арттыру мақсатында жыл басынан бері    «Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы» аясында 285 ұстаз білім алды.  

Жыл басынан бері жемісті еңбек етіп жүрген 150 ұстаз облыстағы шипажайларда ем қабылдады.

Жас мамандарға қолдау көрсету мақсатында құрылған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында алғашқы құрылған күннен бүгінгі күнгі дейін 222 жас маманға көтерме жәрдемақы берілсе, 62 маманға тұрғын үй сатып алуға несие берілген.

Жиын барысында сала ардагерлері, жаңашыл ұстаздар, жастар тәлімгерлері марапатталды. Атап айтқанда, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісімен, аудан әкімінің, облысытық және аудадық «Nur Otan» партиясы филиалы мен аудандық мәслихаттың «Алғыс хатымен» марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


    A+
Уақыты: 2021-10-01  Айдарша: Өңір
TAG: