Тіл мерекесіне орай Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйретуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту мақсатында өзге ұлт өкілдері жастарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Жібек жолы ауылдық округі ардагерлер ұйымының мүшесі , ҚР Түркістан облыстық «Гарабах» әзербайджан этномәдени бірлестігі қоғамдық бірлестігінің Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы М.Давлетов, Жібек жолы ауылдық кітапхана меңгерушісі А. Қабылов қатысты.
Жастар кездесуде «Ерке сылқым» күйін орындап, «Үш бақытым» өлеңін оқып берді.
Қазақстанда Тіл мерекесі 5 қыркүйекте тойланып келеді. Мерекенің 5 қыркүйек болып белгіленуінің өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлап келеді.