Түлкібаста соя егу қолға алынды

Қысқаша

Түлкібаста соя егу қолға алынды

26.jpg

Түлкібас ауданында әкімдіктің ұйытқы болуымен алғаш рет сояның әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие жаңа сорты егілді. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

-Түлкібас аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мен «Оңтүстік - Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты» ЖШС-нің атқарушы директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Г.Тастанбекованың қатысуымен Жаскешу ауылдық округінің аумағындағы «Борсықсай» ЖШС-нің 2 гектар суғармалы жеріне ауданда соя дақылын жерсінуін бақылап, зерттеу мақсатында (тәжірибе ретінде) соя дақылы егілді. Тәжірибе оң нәтижесін берсе 2022 жылы соя дақылын өндірістік көлемін ұлғайтып 500-600 гектар жерге егу жоспарлануда. Ауданымызға арнайы келіп, тәжірибесімен бөліскен «Оңтүстік - Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты» ЖШС-не алғысымызды білдіреміз!-делінген әкімдіктің таратқан ақпаратында. 

Айта кетері, Түркістан облысының ауыл шаруашылығында тың тәжірибелер көп. Жаңа технологияларды жатырқамай қабылдайтын шаруалар көптеген жаңа әдістерді меңгеріп, жақсы жетістіктерге жетуде. Соңғы жылдары тамшылатып суару, жылыжай әдістерімен бірге бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасына диқандар тарапынан зор қызығушылық тууда.