Түлкібаста 1235 жас мектеп бітірді

Қысқаша

Түлкібаста 1235 жас мектеп бітірді

25.jpg

Түлкібас ауданында биыл 1235 түлек алтын ұя мектебімен қош айтыспақ. Оның 96-сы «Алтын белгіге», 87-і «Үздік атестатына» үміткерлер қатарында. Аудан әкімі Нұрлан Байғұт осыған орай түлектерге құттықтау жолдады. 

-Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңызға ұлттық бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, терең білім алу жолында жан-жақты ізденіп, парасатты ұстанымды қалыптастырып, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға тілектеспін. Бүгінде елімізде білім саласына ерекше көңіл бөлініп, оқушыларымыздың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалып келеді. Соңғы 30 жылда ауданымызда 28 мектеп, 33-тен астам балабақшалар салынып ел игілігіне берілді. Соңғы екі жылда жөндеуді қажет ететін 5 бірдей білім ордалары күрделі жөндеуден өтіп, елді мекендерде халық санының өсуіне байланысты Түлкібас кенті мен Шақпақ ауылдық округінде қосымша мектеп ғимараттары бой көтерді. Биылғы жылы өткен жылдан өтпелі болып Абай елді мекеніне қарасты Алтынсарин, Сеславино елді мекеніне қарасты Сеславино және Мыңбай ауылындағы Жамбыл мектебінің жанынан қосымша 150 орындық ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, ағымдағы жылы тұрғындардың өтінішіне сәйкес аудан орталығынан және Машат ауылдық округінен жаңа метептер құрылысы бастау алмақ. Ауданымызда оқушылар заман талабына сай электронды оқулықтар, түрлі оқу құралдармен қамтамасыз етілген. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауданның білім көрсеткіші жыл сайын жоғарылап, жақсы жетістіктерге қол жеткізуде. Атап айтқанда, биылғы мектеп бітіруші түлектеріміздің 96-сы «Алтын белгіге», 87-і «Үздік атестатына» үміткерлер қатарында. Тәрбие отбасы мен мектеп қабырғасынан басталатыны баршамызға аян. Әлі оң-солын танып үлгермеген оқушылар арасында қасақана кісі өлтіру, топтасып жанжалдасу, суық қару қолдану, өз-өзіне қол жұмсауы жиілеп барады. Өмірде әлі өкініш пен қуаныштың дәмін татып үлгермеген бозбалалардың арасында бір-бірін өлімге қиятындай өшпенділік, қатыгезділік қайдан туындаған? Бұл мәселеге ұстаздар мен ата-аналар ерекше көңіл бөлуі қажет. Өйткені бүгінгі жастар, ертеңгі еліміздің жарқын болашағы, үкілі үміті,-делінген аудан әкімінің құттықтауында.