Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Қысқаша

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті



Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен санитарлық талаптарды сақтай отырып «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Жұмыс берушілер, Полиция басқармасының қызметкерлері, Жеке сот орындаушылар, Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің өкілдерімен 2021 жылы 07 шілдеде жұмыссыздарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, алимент төлеуші борышкерлерге, пробация есебінде тұрған адамдарға және қарулы күштер қатарына келісім-шарт бойынша жұмысқа орналасатын адамдарға арналған "Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі" өткізілді.

image.png

Жәрмеңкеге 98 мекемеден 206 бос жұмыс орындары ұсынылып жалпы 63 адам қатысты.

2021 жылға Сайрам ауданы бойынша «Бастау-Бизнес» жобасымен 310 адамды оқыту жоспарлануда. «Бастау-Бизнес» бойынша оқығандар – І лекте 92 тыңдаушы қатысып, 88 тыңдаушы оқуларын сәтті аяқтағаны туралы сертификат алды. ІІ лекте - 98 тыңдаушы қатысып, 92 тыңдаушы оқуларын сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттарын алды. ІІІ – лек оқу процесі жалғасып, кәзіргі таңда 37 тыңдаушы қатысуда.

І және ІІ лекте оқыған тыңдаушылардың 40 тыңдаушысы мемлекеттік қайтарымсыз грантқа ие болды. 23 тыңдаушы несие алуға құжаттарын жинақтауда.