Созақтың студенттері универсиада жеңімпазы

Қысқаша

Созақтың студенттері универсиада жеңімпазы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, «Түркістан - түркі әлемінің рухани астанасы» атануы және ХҚТУ-ің 30 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының ХІ жазғы Универсиада ойындары басталды. Оның ашылуы Түркістан қаласында өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

image.png

Универсиаданың ашылу салтанатында ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Тастанбек Есентаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов құттықтау сөз сөйлеп, дүбірлі додаға қатысушыларға сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Универсиаданың ашылуына орай құттықтауын жолдады.

Жарыстар Нұр-сұлтан, Алматы, Түркістан, Тараз, Қостанай, Өскемен қаласында өтті. 30 спорт түрінен 25 университеттің студенттері өзара сайысқа түсті. 12-15 мамыр күндері Нұр-Сұлтан қаласында гір көтеру спортынан Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің студенттері, созақтық  Ахмет Ерболат 95 келіде 1-орын алды, 63 келі салмақта Рысбек Ердос 1-орын, 73 келі салмақта Тұрғанбай Бақытжан 1-орын, 85 келіде Шекербек Нұрлыбек 2-орын иеленді. 

Жалпы командалық есепте Түркістан облысы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 1-орын иеленді. Университеттің атын абыроймен қорғаған созақтық гір тасын көтеру шеберлері екенін мақтанышпен айтамыз. Спортшыларды жарысқа баптаған, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мұратбек Серікбаев.