Таза ауа - өмірдің арқауы.

Қысқаша

Ауа алабы сапасы тұрғысынан күрделі өзгерістерге ұшырап ластану жиілеп барады.

 2.jpg Ауа алабы сапасы тұрғысынан күрделі өзгерістерге ұшырап ластану жиілеп барады. Түрлі өндіріс ошақтары мен зауыт қалдықтарынан жыл сайын дүние жүзі бойынша шамамен 25 миллиард тонна көмір қышқылы, 156 миллион тонна әртүрлі улы газдар араласады. Жылу қазандықтары мен автокқліктерден де химиялық заттар бөлінеді. Одан организмнің ішкі мүшелерінің қабынуы, жүйкенің жұқаруына, ентікпе, аллергия ауруларына шалдығады. Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады.

Мысалы, түрлі түсті металлургияның кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды заттары жүрек – тамыр ауруларының өсуіне, жүйкенің бұзылуына, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара метал мен электр қуаты кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады. Химия өнеркәсібінің ауаға шығаратын зиянды заттары аллергияның, без және жыныс ауруларының пайда болуына әсер етеді.

Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әр түрлі қосындылыр әр кездерде де болады. Ондай табиғи қосындыларға шаңдар жатады, олар, негізінен, өсімдіктер түрлерінен, вулкандардан, эрозияға ұшыраған топырақтан, ғарыш шаңдарынан тұрады және өрт түтіндері, газдар да жатады.

Ауруға шалдықпас үшін тіршілік тірегі ауа ластануының қауіпті шегіне жетуден сақтайық. Сондықтан, зауыттар мен өндіріс басшыларын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлеін арттырып, зиянды заттарды төмендету үшін технологиялық процестер мен қондырғыларды модернизациялауға шақырамыз. Таза ауа өмірдің арқауы екенін ұмытпаған жөн.