Сайрамдық ауылдардың барлығын табиғи газбен қамтылады

Қысқаша

Сайрамдық ауылдардың барлығын табиғи газбен қамтылады



Аудандағы 42 елдімекеннің 26-сы табиғи газбен қамтылған. Ал газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталған елді мекендер саны бүгінде - 7, қазіргі уақытта жүйедегі құрылыс жұмыстары 5-уінде жүргізілуде. 4 елдімекеннің жобалық, сметалық құжаттамалары дайын. 

image.png

Нақтыласақ, Көлкент, Ақарыс, Оймауыт, Сарыарық елдімекендеріне газбен жабдықтау желілерін салу үшін жобалық сметалық құжаттамалар дайындалып, мемлекеттк сараптаманың қорытындысы алынды. Бүгінгі таңда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына өтінім беріліп, тиісті қаражат қарастырылды. Биыл аталған елді мекендерге табиғи газ жүйелерінің құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Абданбеков Жангелді Керімбекұлы арнайы өткізілген брифингте мәлімдеді.

Су мәселесіне келсек, Әйтеке би ауылының тұрғындары жеке кәсіпкердің су мұнарасы мен су ұңғымасын пайдаланады. Ауылдың ауыз су құбырының тозығы жеткен. Осыған байланысты, "Су Ресурстары Маркетингі" ЖШС теңгерімінен коммуналдық меншікке алынған су ұңғымасын іске қосу үшін сметалық құжаттар дайындалып, қажетті 40,4 млн. теңге қаржы қарастырылды. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде мердігер мекеме "Vek Stroi" ЖШС-і жеңімпаз атанып, құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Брифингте бөлім басшысы ҚР Үкіметінің «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» қаулысының талаптары бойынша сатып алынған 31 тұрғын үйлердің аудандағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға кезекте тұрған 31 мұқтаж көпбалалы отбасыларға сатып алу құқығынсыз берілгенін атап өтті.