Жас кәсіпкерлер сертификат алды

Қысқаша

Жас кәсіпкерлер сертификат алды

Screenshot_9.jpg

Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы аясында «Жас кәсіпкер» жобасының 107 қатысушысы сертификат алды. Салтанантты жиынға аудан әкімі Мұхит Отаршиев  қатысып, жастарға сәттілік тілеп, арнайы сертификаттарды табыстады. «Өздеріңізге белгілі елімізде 2019 жыл – «Жастар жылы» деп жарияланды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіп бастап, өзінің бағытын тауып, табысты жұмысты болғысы келетін жастарға қолдау көрсетуді қолға алып, табысты іске асырып келеді»,- деді әкім өз сөзінде.

   Айта кетейік, Түркістан облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқытуға 1730 адам оқуға жолданып, тиісті сертификаттарын алған. Сертификат алған 215 маман 1,1 млрд. теңге көлемінде шағын несиемен қамтамасыз етіліп отыр. Шағын несиемен қамтамасыз етуге жоспарланған 792 адамның 543-і  2,3 млрд. теңге көлемінде шағын несие алып, нәтижесінде 842 жаңа жұмыс орны құрылған.  Сонымен қатар, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында биыл 65 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланса, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша нақты 54 мың адам жұмысқа орналасқан.