Отбасылар сайысты

Қысқаша

Отбасылар сайысты

Screenshot_2.jpg

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 11 қаңтардағы №168 Жарлығында бекітілген тұжырымдамаларын жүзеге асыру және негізгі көрсеткіш бойынша бұқаралық спортпен шұғылданушылардың санын республика көлемінде 2020 жылға дейін 30 пайызға жеткізуді алдағы жылдарға мақсат етіп қойған болатын. Жолдауында Тұңғыш Президент – бұқаралық спортпен тұрақты түрде айналысу – ұлт денсаулығының ажырамас бөлігі екенін атап көрсеткен.

Елбасы тапсырмаларын орындау үшін  тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және жүйелі түрде спортпен шұғылдануға тарту мақсатында Қазығұрт ауданында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мәселен таяуда аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен отбасыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу, балаларды спортқа деген құлшыныстарын арттыру мақсатында "Бақытты отбасы-бақытты ел" тақырыбында эстафеталық жарыс өтті. Жарыс қортындысы бойынша Шарапхана ауыл округінен келген Айтбаевтар отбасы 1-орынды иеленді. Жарыс жеңімпаздары арнайы сыйлықтар мен және аудандық Жастар ресурстық орталығы басышысының алғыс хаттарымен марапатталды.