Волонтер жылы басталып кетті

Қысқаша

«Волонтер жылына» арналған еріктілік бастамаларының қарқынды дамуына қолдау шаралары басталып кетті.

Волонтер.jpg

 

 Шымкенттегі Отырар кітапханасында «Әлемді жақсы жаққа өзгерт» атты кітап және фото көрмесі өтті. Аталмыш шараның басты мақсаты – еріктіліктің әлемдік тәжірибеде қолданылуын және қазақтың салт-дәстүрінде өзгеге көмек көрсетудің мән маңызын таныту.

 ВОЛ.jpg

Волонтер болу дегеніміз жаңа дағдыларға үйреніп, өзгеге қамқорлық танытып, жақсылық жасау. Төрт қабырға ішінде қамалып, тағдырына налып отыратын мүмкіндігі шектеулі жандардың қызықты да әсерлі істер мен оқиғалардың ортасында болуы үшін көмектесу. Тағдырдың тезімен қиын жағдайға тап болған адамның жанынан табылу, қолынан келгенше сүйеу бола білу деген сөз. Ол екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Ерікті  болу үшін адамдарға ниет білдіру, адалдық, парасаттылық сияқты адамгершілік қасиеттерді бойға жия білу шарт.

 

Рейтинг газеті